Мектепте IV-тоқсанда бір мезгіл ыстық тамақты ұйымдастыру туралы анықтама
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 10 қосымша негізінде «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес құжаттар толтырылып, 2-ші қосымша негізінде (ата-аналары өтініші бойынша) тегін тамақтандыруға өтініштері жинақталған. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 46 - қосымшасы басшылыққа ала отырып, білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар орындалып, мектепте IV-тоқсанда бір мезгіл ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Бұл қағидада мектептегі тамақтандырудың сапасын мерзімдік бағалау үшін бракераж комиссиясының міндеттері айқындалған: білім алушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету, тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру, білім алушылар арасында тамақтан уланудың алдын алуға және профилактикасына бағытталған санитарлық талаптарды сақтау болып табылады.
Мектептегі аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы 87 білім алушының құжаттары тексерілді. Жоғарыда аталған оқушыларда ешқандай артық құжат салынбаған, талапқа сай жинақталған және педагогикалық кеңестің жинақ папкасында актілер көшірмесі тігілген. Сонымен қатар, мектептегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз етілген тізімдегі балалар ауырып қалған немесе мектептен тыс лагерде, дағдарыс орталығында болған жағдайда мектептегі денсаулығы нашар, «Д» есепте тұратын, жиі ауыратын балалардың қосалқы тізіміндегі білім алушылармен алмастырылып, уақытша бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 2020-2021 оқу жылының сәуірдің 5-і мен мамырдың 25-і аралығында жекелеген санаттағы білім алушылар мектеп асханасында тегін тамақтанады. Актілер мен анықтамалары арнайы папкасында жинақталып, іріктелген. 87 білім алушының тегін тамақтануын түгендеу журналына тіркеліп, үнемі қадағаланып тұрады.