16
қазан
2019
«Тиімді тамақтанудың қағидалары» онкүндігі аясында 16 қазан күні «Нан» күніне орай 1 «Ә» сынып жетекшісі Назерке Сариеваның сабағы
№ 5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясы 9 – 16 қазан күндері аралығында «Тиімді тамақтанудың қағидалары» онкүндігі аясында 16 қазан күні «Нан» күніне орай 1 «Ә» сынып жетекшісі Назерке Сариева. Асты қадірлеуге үйрету, нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек ететіндігін түсіндіру, еңбек адамдарын сыйлай білуге, әр адам нанды үнемдей білуге тәрбиелеу мақсатында «Нан – тоқтық, нан – байлық» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Білім алушылар топтарға бөлініп, ұннан жасалатын тағамдар туралы білік –дағдыларын бекітті. Бұл іс – шараға 22 оқушы, 4 мұғалім қатысты.