Мектепте тамақтандырудың сапасын мерзімдік бағалау үшін бракераж комиссиясының рейдтік іс-шарасынан анықтама » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » Мектепте тамақтандырудың сапасын мерзімдік бағалау үшін бракераж комиссиясының рейдтік іс-шарасынан анықтама
12
сәуір
2021

Мектепте тамақтандырудың сапасын мерзімдік бағалау үшін бракераж комиссиясының рейдтік іс-шарасынан анықтама

Мектепте 2021 жылдың 30  наурыздағы бракераж комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында комиссия  мүшелері   аптасына 1 рет тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын, өнімдердің (азық-түліктің) сапасына және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуын қадағалау мақсатында  рейдтік іс-шаралар жүргізген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылдың 16 тамызындағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы №611 бұйрығының 10 тарауы негізінде медициналық қызметкер Ж.Тоқтағул асханадағы ыстық тамақ бірілетін күн сайын ағымдағы жылдың сәуірдің 5-нен бастап  бракераж журналына жазу арқылы тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізсе, бұл жұмысты медқызметкер болмай қалған жағдайда ары қарай жалғастыру әлеуеметтік педагог Б.Смайылға жүктелген. Атап өтетін болсақ, рейдтер барысындағы білім алушылардың тамақ ішетін күндері  белгіленгенімен, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы (тазалығы бар, температурасы нормаға сәйкес емес) қойылмаған, рейдтік іс-шаралар журналына түспеген. Кемшіліктер өндірістік қызметкерге айтылып, дер кезінде түзетіліп отырды.Кейбір шикі азық-түліктердің сақтау мерзімі қадағаланып, тексерілмеген. Сондай-ақ тауар өнімдерінің 80 пайызы отандық өнімдер болу қажет екені айтылды.Осы жұмыстар бойынша жауапты тұлғаларға ескерту жасалды. Аспазшы білім алушылардың жас ерекшелігіне байланысты дайын тамақтың мөлшері күнделікті ас мәзірі талапқа сай болды. Тексеру барысында қоймалық бөлмелерде шикі азық-түліктердің сапасын бақылау журналы арналған, бірақ толық толмаған.Сонымен қатар қант, тұз т.б. пластмасса ыдыста тұруға болмайтыны үнемі ескертілетін болғандықтан, ондай олқылықтар орын алған жоқ. Бір күндік тамақ сынамасы тоңазытқышта тәулік бойы сақталғаны, ас мәзірінде тамақтың әр түрлі  болуы мен дайындалу технологиясын қатаң қадағаланатыны  айтылды.Мектепте оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақты қамтамасыз етуін, әр балаға ыдыстардың  жеткілікті талапқа сай екені тексерілді. Тексеру барысында  тамақтан уланудың алдын алу  мақсатында балалар тамағына қолдануға тыйым салынатын: пастерленбеген сүт, қаймақ, майға қуырылған бәліш, тоқаштар, майонез қосылған салаттар, газды сусындар, чипстер, кептірілген нан т.б. өнімдерін мектеп асханасына мүлде қолдануға болмайтыны ескертілді. 

Тексеру қорытындысы:  тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы, тазалығы, температурасы нормаға сәйкестігін үнемі қадағалау 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив