Мектепте тамақтандырудың сапасын мерзімдік бағалау үшін бракераж комиссиясының рейдтік іс-шарасынан анықтама
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 25 наурыздығы №12 қаулысының 47-қосымшасы 15 тармақшасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 46-қосымшасының талаптарды сақталған.
Мектептің асханасында ас дайындау орнында тағамды өз уақытында жасау мен сақтау мерзімін тексеру барысында тағамдарды өз уақытында пайдалануы мен сақтау мерзімі қорап сыртындағы шығарушының белгісімен сәйкес келетіні, тағамның қауіпсіздігі мен сапасын белгілейтін құжаттары бар екені анықталды.
Тез бұзылатын тағамдарды сақтау температурасы санитарлық ережелерге сай. Тез бұзылатын тағамдарды сақтау температурасы (-300-дейін) және +20 С
-60С. Шикі және дайын тағамдар бөлек сақталады. Тамақ өнімдерін сақтау кезінде көршілес тауарлар принципі қамтамасыз ету сақталған.
Келіп түскен тағамдар арнайы стеллаждарда қойылған.
Дайын бірінші және екінші тағамдар дайындалған уақыттан бастап 2 сағат тұрады. Дайын ыстық тағамдар суып қалғаннан қайта ысытылмайды, сусындар тек қана стакандарға құйылады.
Тексеру қорытындысы: тағамды өз уақытында пайдалану мен сақтау мерзімі барлық санитарлық талаптарға сай.