11
сәуір
2019
"Біз қалай тамақтанамыз" тақырыбында өткізген 1а сынып жетекшісі А. Суанкулованың сабағы
11.04.2019ж 1а сыныбында дұрыс жəне уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру жəне салауатты өмір салтын ұстануды дəріптеу мақсатында дүниетану сабағында "Біз қалай тамақтанамыз" тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақта білім алушылар дұрыс тамақтану кестесін құрып, адам ағзасына зиян келтіретін тағам түрлерін анықтады."Ашық микрофон", "Сəйкестендіру" тəсілдері білім алушылардың ойын еркін жəне жүйелі жеткізе алуына ықпалын тигізді.