18
мамыр
2021
Төтенше жағдай талаптарын сақтау шаралары
Жамбыл облысы білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің 2021 жылдың 17 мамырдағы №590 хатына сәйкес №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында АӘТД оқытушысы Е. Қазыбаевтың ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18-мамыр күні төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында сағат 12:20 - да оқу - жаттығу жиыны өткізілді. Мектеп директоры Н. Койшиманова білім алушылар мен жалпы қызметкерлерге төтенше жағдайлар (жер сілкінуі, сел жүруі, өрт шыққан кездегі т. б.) болған жағдайда өздерін ұстау тәртібі мен ситуациялық жағдайда жылдамдық, қырағылық, ересектер тарапынан дұрыс шешім қабылдау қажеттілігін айтып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.