01
наурыз
2021
"Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық қорғаныс" тақырыбында азаматтық қорғаныс аспектілері
1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай, білім алушылар мен қызметкерлерге төтенше жағдайдағы іс - әрекеті бойынша теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру, төзімділікке, ептілікке, жылдамдыққа үйрету мақсатында N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында АӘТД оқытушы Е.Қазыбаевтың ұйымдастыруымен "Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық қорғаныс" тақырыбында азаматтық қорғаныс аспектілері бойынша (газқағарларды қию, зардап шеккендерді тасымалдау, алғашқы медициналық көмек көрсету және өрт сөндіру құралдарын пайдалану) практикалық жаттығулар өткізілді. Іс - шараны мектеп - гимназиясының директоры Н.Койшиманова ашып, мерекемен құттықтап, әскери патриотизмді қалыптастыруда төзімділік пен шыдамдылыққа үйрететін тактикалық, химиялық қорғаныс, саптық дайындық бойынша тәжірибелік дағдыларды дамытатын бұл ойындардың маңыздылығына тоқталып өтті. Іс - шарада әділ - қазылар алқасы сайланып, командалардың автоматты АК-74 бұзып, жинау, жарақатты таңу, алғашқы көмек көрсету бөлімдері бойынша әскери - спорттық дағдыларын бағалады.Қатаң санитарлық режим сақталынған іс - шара соңында, нәтижесі шығарылып, командалар арнайы дипломдармен марапатталды.