17
маусым
2022
"Түлек 2022-жаңа Қазақстанның ертеңі" атты салтанатты түрде аттестат тапсыру жиыны
17 маусым 2022 жылы 2021-2022 оқу жылында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Түлек 2022-жаңа Қазақстанның ертеңі" атты салтанатты түрде аттестат тапсыру жиыны өткізілді. 2021-2022 оқу жылында 21 түлекке орта мектепті бітіру туралы аттестат тапсырылды. Соның ішінде 3 оқушы "Алтын белгі", 2 оқушы "Үздік аттестат" иегерлері атанды. Салтанатты жиында мектеп-гимназия директоры Койшиманова Нурила Сейсембайқызы, түлектерге ақжол тілей отырып, Алтын белгі" иегерлеріне төсбелгі тағып, "Үздік аттестат" иегерлеріне аттестаттарын табыс етті. 11 жыл бойы білім нәрімен сусындаған білім алушылар ұстаздарға алғысын білдірді. Жоғары оқу орнына грантқа оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітірулеріңе тілектеспіз. Таңдаған мамандықтарыңның мықты маманы, кәсіпқойы болыңдар! Мектеп өмірі артта қалды, алдарыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте берулеріңді тілейміз!