М. Мақатаевтың туған күн мерекесіне орай «Жүрегім менің-жанартау...» атты мәнерлеп оқу сайысы
8.02. 2018 ж. күні М. Мақатаевтың туған күн мерекесіне орай «Жүрегім менің-жанартау...» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру,ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сайыс екі кезеңнен тұрды
1 кезең « Ғасырда бір туатын дарабоз» деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.
2 кезең « Әлі талай жыр болып жазыларсың....» бұл кезеңде оқушылар Мұқағалиға арнаған өз шығармаларын оқиды.
Білім алушылар ақын өмір жолы, шығармашылық еңбектері туралы компьютерлік таныстырылыммен таныстырылды.
1 кезең. Мақатаевтың өлеңдерімен сусындап жүрген оқушыларымыздың бірқатары сайыстың «Ғасырда бір туатын дарабоз» бөлімінде ақын өлеңдерін оқыды. 2 кезең. « Әлі талай жыр болып жазыларсың....» бұл кезеңде 8а сынып оқушысы Тоқтақан Аруна «Мұқағали атама», өз сезімін жырмен жеткізуге талпынып, жүрек жарды өлеңін тыңдарман назарына ұсынды. Байқау нәтижесінде «Ғасырда бір туатын дарабоз» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен мектепалды даярлық топ оқушысы Әскербек Жансель, ІІ дәрежелі дипломмен 6а сынып оқушысы Жайлау Гүлбегім, Азамат Толғанай. ІІІ дәрежелі дипломмен 5а сынып оқушысы Ермекбай Аяулым марапатталды. Сайыста 9ә сынып білім алушысы Мақатаев сөзімен жазылған «Сенің көзің», 2 а сынып білім алушысы патриоттық өлеңдер мен әндер орындалып, кеш қонақтары сайысынан рухани тағлым мен керемет әсер алып тарасты.