14
наурыз
2025
"Балаға өзінің және басқалардың сезімін түсінуді қалай үйретуге болады" тақырыбында 2 сынып ата-аналарымен жиналыс
14.03.2025ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес "Балаға өзінің және басқалардың сезімін түсінуді қалай үйретуге болады" тақырыбында 2 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Мақсаты: адам өміріндегі эмпатияның маңыздылығы мен оны балада дамыту қажеттілігін түсінуді қалыптастыру. Ата-аналармен жұмыс барысында "Сәлемдесу" , "Бала сұлбасы" тренингісі, топтық жұмыстар жүргізіліп, эмпатия туралы мәліметтер берілді. Нәтижесінде ата-аналар: отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы ортаны құруды;
бастауыш сынып оқушыларының сезімдерін, жанашырлық дағдыларының ерекшеліктерін дамыта білуді меңгерді.
Жауапты: А.Асанкулова, А. Кайралапова
