07
сәуір
2026
«Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу» айлығы аясында «Нашақорлық – болашаққа төнген қауіп» тақырыбында 9–11 сынып білім алушыларымен кездесу
2026 жылдың 7 сәуір күні № 5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу» айлығы аясында «Нашақорлық – болашаққа төнген қауіп» тақырыбында 9–11 сынып білім алушыларымен кездесу өткізілді.
Іс-шараға Меркі аудандық ювеналдық полиция тобының полиция майоры Е. Тупеков қатысты. Кездесу барысында инспектор есірткі заттарының адам денсаулығына, психикасына және қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндіріп, жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу жолдарына тоқталды. Сонымен қатар, заң алдындағы жауапкершілік, құқықбұзушылықтың салдары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы айтылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу соңында жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, дені сау, білімді тұлға болып қалыптасуға шақырды.