05
мамыр
2026
“Онлайн ортадағы діни манипуляция: бала санасына төнген қатері”тақырыбында дәріс
05.05.2026ж №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында Сарсенов Ербол бастаған теолог мамандар 9-11 сынып білім алушылары арасында “Онлайн ортадағы діни манипуляция: бала санасына төнген қатері”тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында теолог мамандар діннің қоғамдағы орны мен рөлі туралы кеңінен тоқталды. Ол діннің адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтудағы ықпалын атап өтті.
Сондай-ақ, зайырлы қоғамдағы діннің орны, діни төзімділік, конфессияаралық келісім мәселелері қозғалды. Теолог қазіргі замандағы діни сауаттылықтың маңыздылығына ерекше назар аударып, жастарды радикалды ағымдардан сақтанудың жолдарын түсіндірді. Кездесу соңында қатысушылар сұрақ қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.