23
қаңтар
2026
7-11 сынып білім алушылары арасында “Дін және қоғам”тақырыбында дәріс
23.01.2026ж №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында ауданымыздың теолог-маманы Сарсенов Ербол 7-11 сынып білім алушылары арасында “Дін және қоғам”тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында теолог діннің қоғамдағы орны мен рөлі туралы кеңінен тоқталды. Ол діннің адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтудағы ықпалын атап өтті.
Сондай-ақ, зайырлы қоғамдағы діннің орны, діни төзімділік, конфессияаралық келісім мәселелері қозғалды. Теолог қазіргі замандағы діни сауаттылықтың маңыздылығына ерекше назар аударып, жастарды радикалды ағымдардан сақтанудың жолдарын түсіндірді. Кездесу соңында қатысушылар сұрақ қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.