24
қазан
2024
Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың «Ұлт келбеті – ұстаз. Бес жылдың берекелі белестері» атты мақаласы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың «Ұлт келбеті – ұстаз. Бес жылдың берекелі белестері» атты мақаласымен педагогикалық ұжым таныстырылды.
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп директоры Н.Конкабаев мақала аясында еліміздегі бес жыл бедеріндегі түбегейлі жаңарудың басты бағыты – елдік іске ұлт пен жұртты жұдырықтай жұмылдыру, әділетті қоғам жолындағы мұрат-мақсаты баяндалғанын айтты. Мұғалімге жасалып жатқан жақсылық пен көрсетілген құрмет нәтижесінде жыл сайын осы мамандыққа ұмтылушылар саны артып келетіні, бүгінгі оқушыларды сапалы білім мен саналы тәрбиеге бейімдеу үрдісі білім ұйымдары басшыларының кәсіби әлеуетіне тікелей байланысты екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде отбасы мен мектеп ынтымақтастығын нығайту, ұрпақ тәрбиесін жүйелі жолға қою көзделгенін айтты. Тәрбие біліммен ұштас екені белгілі. Ал білім негізі - оқуда. Ақыл-ойдың нәтижесі, ғылым жаңалығы халықаралық рейтинг көрсеткіштері бойынша еліміздің шығар биігі де жақсара бастағаны атап өтілді. Қорытындылай келе, бес жылда жеткен табыстар - алда межеленген мақсаттарға қол жеткізетініміздің нақты істермен жалғасын табатынын айқын көрсетілді.