20
қараша
2019
Бастауыш, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық "Сабақта қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және кері байланыс жүргізу" тақырыбында семинар-практикум
20.11.2019ж N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында бастауыш, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық "Сабақта қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және кері байланыс жүргізу" тақырыбында семинар-практикум өтті. Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес тиімді жоспарлау мақсатында мектеп директоры Н.Койшиманова, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Л.Абенова, М.Бексұлтанова мұғалімнің қалыптастырушы бағалаудың формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтауы бойынша ақпараттар беріп, семинардың екінші бөлімі шеберлік сабақтар, мұражай жанындағы сабақ, бірлескен және кіріктірілген сабақ көрсетіліп, "Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы" тақырыбында идеялар брифингі бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға 65 мұғалім қамтылды.