16
қазан
2023
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
Ақпарат
2023 жылдың 12 қазан күні бракераж комиссиясы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижесінде асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деп танылды. Асханада білім алушылардың тамақтануын үнемі қадағалауда болуы және буфеттік өнім сапасын арттыру қажет екені айтылды. Балалардың тағам және су ішетін ыдыстары аптасына 1 рет дихлорланады. Білім алушылардың ішетін ауыз суы толтырылып, стакандар қойылып, беті жабылған. Ауыз су құйылатын су диспенсері бар. Ас мәзіріне сәйкес, әрі нормаға сай беріледі. Қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер орнатылған. Білім алушыларға арналған қол жуатын 3 орын бар.Ас блогындағы санитарлық жағдайы қалыпты, талаптар сақталған. Ас блогының үй-жағдайын тазалау кестесі ілінген. Ас болгында ағы ұшқан ыдыстар жоқ. Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар. Сертификаты бар. Тауар көршілестігін сақтау талаптары сақталған. Өнімдерді сақтау режимі ескерілген.Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Бір реттік қағаз сүлгілерді пайдалану керектігі ескерілген.
Тексеру нәтижесіндеас блогында тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыстың шеті сынғаныбайқалып, жаасын алуға қсыныс берілген болатын. Осы ұсыныстар 5 жұмыс күн ішінде орындалды.