«Тиімді тамақтанудың қағидалары» онкүндігі аясында жүргізілген іс-шаралар
№ 5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп – гимназиясы 9 – 16 қазан күндері аралығында «Тиімді тамақтанудың қағидалары» онкүндігі аясында 16 қазан күні «Нан» күніне орай 1 «Ә» сынып жетекшісі Назерке Сариева. Асты қадірлеуге үйрету, нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек ететіндігін түсіндіру, еңбек адамдарын сыйлай білуге, әр адам нанды үнемдей білуге тәрбиелеу мақсатында «Нан – тоқтық, нан – байлық» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Білім алушылар топтарға бөлініп, ұннан жасалатын тағамдар туралы білік –дағдыларын бекітті. Сонымен қатар 2-5 сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімдер Г. Садирмекова мен А.Суанкулованың ұйымдастыруымен «Тәтті бауырсақ» байқауы өткізілді. Балалар зиянды фаст-фуд өнімдерінің қазіргі кезде жастардың жиі қолданылатыны, осыған байланысты жағдаяттар шешіліп, дұрыс тамақтануға «Жарнама» жүргізді. Бұл іс-шараларға жалпы 198 білім алушы, 19 мұғалім, 1 аспазшы қатысты.