09
қыркүйек
2021
Мектепте жекелеген санаттағы білім алушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы туралы
09.09.2021ж. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында жекеленген санаттағы білім алушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен ұйымдастыру жұмыстары басталды.
Асханада санитарлық талаптар сақталып, қолайлы жағдай жасалған. Үстелдерді, орындықтарды және өзге де мүкәммалды орналастыруды үстелдер арасындағы және келушілер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты қамтамасыз етуді ескере отырып жүргізілген. Асханада білім алушылар арасында кемінде 1,5-2 метр қашықтық сақтала отырып, 5 адамнан артық кезек құрылмайды. Асхананың жұмыс режимі мектеп әкімшілігімен келісім бойынша тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) тамақтану залын жинау және дезинфекциялау талапқа сай жүргізіледі. Мектеп білім алушыларының тамақтану мәзірі, тамақтану ұзақтығы дұрыс жолға қойылғанын бракераж комиссия мүшелері анықтады